Алматыдан келе жатқан автобустан есірткі табылды

243

0

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына  Қызылорда қаласы тұрғынының есірткі  тасымалдаумен айналысатыны жөнінде жедел ақпарат келіп түседі.

Аталған хабарламаға сәйкес, Алматы қаласынан Қызылорда қаласына бағыт алған жолаушылар автобусы тоқтатылып, жедел тергеу тобымен тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде автобус жолаушысының сөмкесінен полиэтилен пакетіне салынған ақшыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар зат ұнтақтары заттай дәлелдеме ретінде алынды. 

Тағайындалған сараптаманың қорытындысына  сәйкес сараптамаға ұсынылған заттың жалпы салмағы 2,71 гр героин екені анықталды.

Автобус жолаушысы оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Күдікті жұмыссыз Қызылорда қаласының 45 жасар тұрғыны екені анықталды. 

Қазіргі таңда күдікті Жаңақорған аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<