Алпамыстағы тағлымды сайыс

320

0

«Өмірге деген таным балабақшадан қалыптасады»деген бар. Осы тұрғыда Қазалы ауданынында көптеген шаралар атқарылуда. Соның бір айғағы – №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында осы ұжымның педагог-ұйымдастырушы Мерует Танирбергенованың мұрындық болуымен өткен балабақшаішілік «Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі» атты сайыс десек жарасымды. 
Осынау шараның шымылдығын құттықтау тілегімен ашқан балабақша меңгерушісі Эльмира Жалпақбайқызы сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Әке мен бала» мультфильмінен бастау алып, төрт бөлімнен тұрған аталмыш сайыста кішкентай тәрбиеленушілер анасы, әжесімен бірге өз өнерлерін ортаға салды. Шара барысында «Балапан» ортаңғы тобының өнерлі бүлдіршіні Ботабай Ілияс «Анашым, әкем» атты әнді орындап әншашуын жолдады.
Сайыс қортындысында ең жоғары ұпай жинаған «Алпамыс» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіні Бауыржан Ақбаян және әжесі Маржан апа Бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, І –ІІ орынды «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Дабылов Әлихан мен анасы Ләйла, «Тілашар» ортаңғы тобының кішкентай өнерпазы Алдияр Тақтаболат пен анасы Ардақ жеңіп алды. Сайысқа қатысушыларға «Алғыс хат», бағалы сыйлықтар табыс етілді
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.
Әйтеке би кенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<