«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығы» құрылды

285

0

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығын» құру туралы шешімге қол қойылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, Астанада бүгін Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумы өтіп жатыр. Биылғы форум «Ұлы Дала» ІІІ Астананың 20 жылдығына, сонымен қатар ақын Мағжан Жұмабаевтың 125, жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90, Әзербайжан Халық республикасының 100, Томсеннің Түркі жазуын оқуының 125 жылдығына арналып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<