«Алтын бутсы» марапатының иегері белгілі болды

195

0

Фото ©️ УЭФА

«Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн 2023/24 маусымдағы еуропалық чемпионаттарда үздік бомбардир атанып, «Алтын бутсы» марапатын иеленеді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Англиялық футболшы Бундеслиганы 36 голмен аяқтады. Одан кейін 28 гол салған «Штутгарт» ойыншысы Серу Гирасси. Үшінші орында «Пари Сен-Жермен» форварды Килиан Мбаппе (27 гол).

Бұл Кейннің «Бавариядағы» алғашқы маусымы. Былтыр оның трансфері үшін мюнхендіктер «Тоттенхэмге» 95 миллион еуро төлеп, шабуылшымен 2027 жылдың 30 маусымына дейні келісімшартқа отырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<