Алтын құрсақты аналарды марапаттады

714

0

Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет әрқашанда жоғары.

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.

Киелі Шиелі жерінде тұрып жатқан 19 ана осы марапатқа ие болды. Оның үшеуі – алтын алқа, он алтысы – күміс. Осылайша аналарды салтанатты түрде құттықтаған аудан басшысы аналарға ізгі ілтипатын білдіріп, ақжарма тілектерін арнады.

Жиын барысында алтын құрсақты аналар да сөз алып, мемлекеттің жасап жатқан қамқорлығына зор алғыстарын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Шиелі ауданы бойынша, 2478 батыр ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 950 болса, «Күміс алқа» таққандардың саны – 1528.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<