«Алтын жебе-2020»

549

0

Қызылорда гарнизонында «Алтын жебе-2020» арнайы операциялар күштерінің компоненттерінің кешенді тексерісі өтті.

Әскери бөлімдегі арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелерінің жауынгерлік тапсырмаларды дер кезінде орындауын, жауын­герлердің далалық дайындығының дең­гейін, кәсіби және жауынгерлік әзірліктерін тексеру көзделді.

Тексерістің алғашқы күні бөлімнің барлау бөлімшелері дабыл бойынша көтерілді. Келесі кезеңдерде кешенді тексе­рістің жоспарына сәйкес барлаушылар қойын-қолтық ұрыс дағдыларын, медициналық дайындықтарын көрсетті. Радиа­циялық, химиялық және биологиялық қорғаныс даярлығы бо­йынша сынақтар тапсырып, күндізгі, түнгі уақыттарда марш жасап, оқу-тактикалық атысты орындады.

Кешенді тексеру барысында әскери бөлімнің рота коман­дирлері жақсы нәтиже көрсетті. Бұл сынақ бөлімнің жеке құрамына ынта-жігер берері сөзсіз.

Мұхит Қонаров,

Қызылорда гарнизоны баспасөз

қызметінің бастығы,  сержант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<