Аустралия ғалымдары құрамында спирт бар қол жууға арналған құралдардың бактериялық ауруларды тудыратынын анықтады, – деп жазады The Independent.
Зерттеушілердің айтуынша, бактериялық аурулардың шығуына ауруханаларда дозаторларға бактерияларға қарсы гельдердің қосылуы себеп болған. Ол гельдер осыған дейін емдеуге қиын аурулармен күресу үшін қолданылған екен. Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, дозаторлар ауруханаларда 2000 жылдардың ортасынан бастап қолданылған. Қолды дезинфекциялау нәтижесінде адамда стафилококк (MRSA) бактериялары пайда болған. Ол бактерия емдеуге болмайтын ауруларды туғызады екен. Мысалы, сепсис, пневмония сияқты ауруларды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<