«AMANAT»: Әйелдер қанаты атқаратын жұмыстардың басым бағыттары талқыланды

362

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының отырысы өтті. Басқосуға филиалдың Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Әйелдер қанатының кеңесшісі Алтынай Молжанова және түрлі саладағы белсенді қыз-келіншектер қатысты.

Отырыста нәзікжандылардың мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында құрылған әйелдер қанатының атқаратын 10 басым бағыты жайлы талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

«Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу, өндірістегі еңбекті қорғау, ауылдағы бизнес, отбасы денсаулығы мен құндылықтары, экономикалық құқықтар, әйелдердің ғылымдағы рөлі және тағы басқа бағыттар бойынша бірлесіп белсенді жұмыс жасауымыз керек. Аталған бағыттар бойынша туындаған мәселелерді шешуге ықпал етіп, қажетті шаралар атқаруымыз қажет» – деді Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<