«Ана мен бала» бастауыш партия ұйымының жаңа төрайымы сайланды

345

0

«AMANAT» партиясының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК жанынан құрылған «Ана мен бала» бастауыш партия ұйымына бас дәрігердің пациенттерді қолдау және ішкі бақылау жөніндегі орынбасары Жақанова Сәуле Сәменқызы сайланды.

Жақанова Сәуле Сәменқызы – бас дәрігердің пациенттерді қолдау және ішкі бақылау жөніндегі орынбасары, білікті, білгір әрі өз ісінің шебері атанған алтын қолды дәрігер.

Босану, босанудан кейінгі акушерлік бөлім, жүктілер патологиясы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды, жоғары санатты акушер-гинеколог, денсаулық сақтау саласының үздігі.

Ақтөбе медициналық институтын 1989 жылы бітірген соң еңбек жолын біріккен облыстық перзентханада 1990 жылы ординатор ретінде бастады.

2000 жылдан бастап обсервация бөлім меңгерушісі, 2005 жылдан босану бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылдан ІІ акушерлік бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

Литваның ғылыми денсаулық университеті, «Денсаулық сақтау менеджменті» бойынша қайта даярлаудан өткен. Денсаулық сақтау менеджменті саласы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2016 жылы Польша елінде Қоғамдық денсаулық мектебінде болды.

33 жыл бойы ана мен бала денсаулығын қорғауында келе жатқан дәрігер акушер – гинекологты кәсіби тәжірибелі маман ретінде білеміз. Ол шәкірттерден білімді, білікті және өз ісін жетік білуді талап етеді.

Денсаулық сақтау саласына қосқан еңбегі үшін Денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан 2011 жылы «Кәсіби саладағы ерен еңбегі үшін», 2014 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2017 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», 2020 жылы «Халық алғысы», 2022 жылы «Жыл үздігі» байқауында «Денсаулық сақтау ісінің үздігі – 2022» медальдарымен, сонымен қатар қалалық және облыс әкімдерінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<