«Анаға тағзым»: Жалағаш ауданы әйел-аналарының ашық есік күні өтуде

949

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысындағы «Анаға тағзым» орталығында Жалағаш ауданының әйел-аналарының қатысуымен Ашық есік күні өтуде. Сыр аналарына арналған бірегей орталықта аудан делегациясы «Қазақ елінің Ұлы аналары» атты экспозициялық картинамен танысты.

Әсем әні, тәтті шашуымен шаңыраққа енген ардақты аналар ашық есік күнін той-думанмен, арнаумен бастап, әрі қарай рухани-танымдық бағыттағы секциялық жұмыстарға қатысуда.

Креативті индустрия орталығында қолөнер бұйымдары, ұлттық костюмдер, ешкі сүтінен жасалған сабын косметикалық өнімі таныстырылды.

Бұдан бөлек, «Ұлт жақұты» музейлік залында этнографиялық таныстырылым өтті. «Мирас» әжелер клубында «Асыл әжелер» ансамблі кесте тоқу, ұршық иіру технологиясын көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<