Қанат Бозымбаев бензин қоры туралы айтты

239

0

Елімізде ішкі мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жанар-жағармай тапшылығы байқалмағанына тоқталған министр, «Қазіргі кезде АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы литріне 156 теңге, дизель отыны 182 теңге деңгейінде. 13 тамыздағы жағдай бойынша, ішкі нарыққа қажет жанар-жағармай қалдықтарының шамамен бір айлық қоры сақталуда. Бензин бойынша 336 мың тонна және дизель отыны 246 мың тонна мөлшерінде қалыптасты», – деді Қанат Бозымбаев. Сонымен қатар, министр күзгі егін орағы науқанына орай фермелерге қажетті көлемінде дизель отыны жеткізілгенін атап өтті.  

Руслан Ғаббасов

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<