Қақпа алдында кездесу

383

0

Тағдырдың салғанына көніп, отбасынан жырақта жүріп, құшақтары сағынышқа толы, ата-анаға деген ыстық сағыныштарын, балаларына әкелік, аналық махаббаттарын білдіре алмай жүрген ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген азаматтарға   «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы негізінде жуырда түрмеден босатылатын сотталған азаматтардың мәселелерін шешу мақсатында кездесу өткізілді. 

Жоба аясында жаза мерзімі аяқталған азаматтардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуы,сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әңгіме сұхбат өткізілді. Іс – шараға Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Д.Райымқұлов, Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Д.Спанов, Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығының жоғарғы санаттағы маманы Ж. Сугирбаева, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының заңгері А.Адырановтар қатысты. Дөңгелек үстелде жазасын өтеген адамдардың босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметінде профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары жайлы айтылды. Кездесуде мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламсының жүзеге асырылуы, жұмыспен қамту орталықтарының міндеттері, жастар практикасы жөнінде сотталған азаматтарға толықтай түсіндірілді. Алдағы уақытта «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында  іс-шаралар ұйымдастырылады. Шара соңында өздерін отбасыларымен қауышқанына азда болса  отбасына деген ыстық сағыныштарын сездіре білген жазасын өтеуші азаматтар, өздерінің жаза мерзімін өтегеннен кейін қоғамға керек екенін, мамандықтары бойынша жұмыс жасай алатына үлкен сеніммен тарасты.

ЗК-169/4 мекемесінің СӘПЖЖБ-нің

 БСТжЕО инспекторы әділет старшинасы М.Ділдабаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<