ҚАҚПАНШЫ

337

0

Облыстық «Сыр бойы» газетінің өткен санында Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылының тұрғыны Рүстем Кенжасариевтің қақпан құрып, қасқырды тірідей ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Міне, тағы да осыған ұқсас жаңалық, бұ жолы қақпаншы дария бойындағы қасқыр ізіне қақпан салып, тағы бір түз тағысын қолға түсірді.

–Өз тәжірибемнен білетінім, қасқыр бір орнында тұрмайды, үздіксіз жортады да жүреді. Әрине, жолай кезде­скен құрбандығын олжалай жүріп, қаскөйлігін жалғастырады. Жыртқыштың жортуылы кез келген жаққа шапқылау емес, үлк- е-е-н шеңбер аралығында өтеді. Сол өзінің ойша сызған сызығы ішінде айналады, бір ізіне қайта түсу үшін бірер апта уақыт өтуі де мүмкін. Ал оның сырына қаныққан қақпаншы сол шаманы болжап, соңына түседі. Бұ жолғы менің аңғарпуымша, қасқырлар тоғай арасына қарай ойысқан секілді көрінген, мен қақпанды сол маңға жыртқыштың өтеді-ау, деген жолына құрдым. Сәті түсті, қақпаным қанды болды, соған қуанулымын,– дейді Рүстем. Қақпаншы өзінің 10 – сыныпқа көшкен ұлы Бексұлтанды осы өнерге баулып жүр. Тірі қасқырдың желкесінен ұстап отырған сол бала!

Н. НАЗЫМХАНҰЛЫ, 

Жаңақорған ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<