Газетіміздің өткен санында Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылының тұрғыны Рүстем Кенжасариевтің қақпан құрып, қасқырды тірідей ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Міне, тағы да осыған ұқсас жаңалық, бұ жолы қақпаншы дария бойындағы қасқыр ізіне қақпан салып, тағы бір түз тағысын қолға түсірді.
– Өз тәжірибемнен білетінім, қасқыр бір орнында тұрмайды, үздіксіз жортады да жүреді. Әрине, жолай кездескен құрбандығын олжалай жүріп, қаскөйлігін жалғастырады. Жыртқыштың жортуылы кез келген жаққа шапқылау емес, үлкен шеңбер аралығында өтеді. Сол өзінің ойша сызған сызығы ішінде айналады, бір ізіне қайта түсу үшін бірер апта уақыт өтуі де мүмкін. Ал оның сырына қаныққан адам болжап, соңына түседі. Бұл жолы менің аңғаруымша, қасқырлар тоғай арасына қарай ойысқан секілді көрінген. Қақпанды сол маңға жыртқыштың өтеді-ау деген жолына құрдым. Сәті түсті, қақпаным қанды болды, – дейді Рүстем. Қақпаншы өзінің 10-сыныпқа көшкен ұлы Бексұлтанды осы өнерге баулып жүр.
Н. НАЗЫМХАНҰЛЫ,
Жаңақорған ауданы.
Жаңақорған ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<