Құрылтай

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

7

0

Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызының төрағалығымен медицина қызметкерлері арасында «Мектеп медицинасын трансформациялау мәселелері» мен «Саламатты мектеп» жобасы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының меңгерушісі Бекжан Намет, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық департаментінің бас маманы Күмiсай Балымбетова және «Konsung Technology» компаниясының өкілi Данияр Сыздықұлы қатысып, «Мектеп медицинасын трансформациялау. Балалардың профилактикалық медициналық тексерулерін ұйымдастырудың жаңа стандарты», «Мектептегі медициналық кабинеттерге арналған озық цифрлық жабдықтардың таныстырылымы» мен «Саламатты мектеп» жобасы тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, жиын барысында мектеп медицинасын трансформациялау балаларға профилактикалық медициналық тексерулерін ұйымдастырудың жаңа стандарттарымен озық цифрлық жабдықтар таныстырылды. Сонымен қатар, семинарда енгізілген «Саламатты мектеп» жобасына қатысты ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.