«Ақтөбе құс» ЖШС алғашқы балапандары шықты

307

0

Айдың басында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Ақтөбе ауылына сапары барысында «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасының жұмысымен танысты.

Серіктестік басшысы Іздібаев Нұрлан құрылысы толық аяқталып, барлық нысандарының құжаттары рәсімделіп, цехтары толық жабдықталған құс фабрикасына 20 қыркүйекте Түркия мемлекетінен инкубациялық жұмыртқалар жеткізіліп, инкубаторларға 57600 дана жұмыртқа орналастырылғандығын айтқан болатын.

Бүгін инкубаторға орналастырылған жұмыртқалардан балапан шығып, барлық балапандар қоректік цехқа жіберілді. Желтоқсан айында құс фабрикасының алғашқы өнімдері шығарылады.

Қазіргі таңда құс фабрикасындағы 20 жұмысшы қызмет етеді. Сандық-автоматтандырылған басқару жүйесімен жұмыс жасайтын барлық цех толықтай іске қосылып, өнім алар уақытта 100 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<