Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы досының үйінен табылды

470

0

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде бір тәулік бойы үйіне оралмаған мектеп оқушысы досының үйінен табылды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде 7 сыныпта оқитын Әділ Назенов бір күннен соң досының үйінен табылды. Ол 9 қаңтар күні түнде жоғалып кеткен болатын.

– Ол ата-анасымен сөзге келіп, үйінен кетіп қалған. Полиция қызметкерлері жан-жақты іздеу жұмыстарын жүргізіп, арада бір күн өткен соң досының үйінен тапты. Қазіргі кезде ата-анасымен, баламен түсіндіру жұмысы жүргізілді, – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір өңірде рейд өтіп жатыр. Полиция жасөспірімдерді бақылауға алған. Жыл басынан бері 170-ден астам жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізіліп, ата-аналары шақыртылды. Кейбірінен алып жүруге тыйым салынған заттар табылды.

– Ақтөбе облыстық білім басқармасымен бірге ауқымды жұмыс атқарғымыз келеді. Әр он күн сайын құқықбұзушылық жасаған жасөспірімдерді бір ортаға жинап, ата-аналарымен, мұғалімдермен кездесу ұйымдастыру қажет деп ойлаймыз, – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<