Қарағандыда баспа ісінің мамандары даярланады

273

0

Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінде жаңа оқу жылынан бастап баспа ісінің мамандары даярланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «20 маусымнан бастап жаңадан ашылған мамандыққа құжаттар қабылдап жатырмыз. Онда жастар тегін білім алады. Үлгілі студенттерге шәкіртақы тағайындалады», – дейді Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің директоры Мұрат Есжанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Студенттер электронды терім операторы және беттеуші мамандығын да алып шығуы мүмкін. Олар колледжді бітірген соң баспаханада, баспа компанияларында, интернет-ресурстарда беттеуші-дизайнер болып жұмыс істей алады. Бұған дейін мұндай мамандықты тек Алматы қаласындағы мамандандырылған колледжде ғана алуға болатын еді. Колледж базасына осы салада мол тәжірибе жинақтаған әрі жоғары білімді кәсіби мамандар шақырылған. Практикалық жаттығулар кәсіпорындарда жүргізіледі. Айта кетейік, колледжде бұдан тыс, компьютер құрылғыларына қызмет көрсету технигі, техник-бағдарламалаушы, шаштараз-модельер, хатшы-референт, электр монтаждаушы сияқты мамандықтарды да тегін меңгеріп шығуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<