Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен актив отырысы өткізілді. Аудан басшысы күн тәртібіндегі негізгі мәселе – құқық қорғау органдарындағы кадрлық өзгерістерді таныстыстыру мақсатында бас қосып отырғандығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, жиында сөз алған Қызылорда облысы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Талғат Айтбайұлы Арал ауданына тағайындалған жаңа прокурор Асхат Бисенбайұлын таныстырды.
Жаңа басшы сөз кезегінде барша аудан белсенділері мен жиынға қатысушыларды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Садықбаев жаңа басшыны қызметімен құттықтап, бұл саланың маңыздылығына тоқтала келе алда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғандығын және үлкен жауапкершілік қажет екендігін баса айтты.
Жиын соңында аудан басшысы М.Оразбаев ауданның прокуроры Асхат Бисенбайұлының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<