Аралда автокөліктерге қызмет көрсету орталығы ашылды

373

0

Қазақстанның қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Республика күні қарсаңында Арал қаласында көлікке қызмет көрсету орталығы ашылды.

Кәсіпкерлік нысанының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Серік Сермағамбетов өңірде кәсіпкерлік саласының өркендеп келе жатқандығына тоқталып, жиылған қауымды Республика күнімен құттықтап, жаңа нысан жұмысына сәттілік тіледі.
«Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаулардың нәтижесінде Өздеріңіздің қатысуларыңызбен тағы да жаңа нысанының жұмысы басталғалы тұр. Міне, бүгін, белгілі кәсіпкер, мәслихат депутаты, ауданымыздың жанашыр азаматтарының бірі Төлебаев Ардақтың қызмет көрсету орталығы ел игілігіне пайдалануға берілуде.


Әрдайым елге жанашырлығымен, жомарттығымен танылған Төлебаевтар отбасына ризашылығымды білдіре отырып, алдағы істеріне сәттілік тілеймін! Жаңадан бой көтерген кешен құтты да, берекелі болсын!»,- деді Серік Сағитжанұлы.
Айта кетейік жоба құны 80 млн. теңгені құрайтын «Тұлпар» техникалық кешенінде 5 адам жұмыспен қамтылған. Жаңа нысан Еуростандарт негізінде қызмет көрсету орталығы ретінде іске қосылды. Нысан сөрелеріне барлық автокөлік түрлерінің құрал жабдықтар қойылып, қажетті жөндеу жұмыстары да жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<