Аралда жанартау атқылап, одан қашқан туристердің біреуі қаза тапты

270

0

Италияның Стромболи аралында жанартау атқылап, бір турист қаза тапты. Аралды күл басып қалды, деп хабарлайды ВВС.
Турист жанартау шыңына шыққан сәтте атқылай бастаған, деп мәлім етті италиялық Анса агенттігіне Липари қаласының мэрі Марко Джорджанни. Турист құлаған тастың астында қалып қойған, деп хабарлады Рейтер агенттігіне құтқару қызметінің өкілі. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, тау баурайында екі лава атқылап ағып жатыр. Аспаннан шашыраған күлдің салдарынан аралда бірнеше өрт шықты.
Демалушылар жанартаудың үстінен көтерілген күлді көріп, теңізге қарай қашқан. Аралдағы вулкан – ғаламшарымыздағы ең белсенді жанартаулардың бірі, ол 1932 жылдан бері үнемі атқылап келеді. Соңғы, 2009 жылдың сәуіріндегісі аса қуатты  болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<