«Аралтұз» компаниясында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

268

0

Арал ауданы «Аралтұз» АҚ  бекіткен жоспарға орай 2018 жылдың 22 мамырында Қызылорда облысы «Өрт сөндіруші» АҚ-ның филиалы қызметкерлерімен ұйымдастырылып, зауыт аймағында өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді. Жаттығудың тақырыбы «Бу қазандығының қоймасындағы өртті оқшаулау, жою және зардап шеккендерді қауіпсіз аумаққа көшіру» болды.

Жаттығуға зауыттың әкімшілік қызметкерлері, әр түрлі авариялық қызметтер және Арал ауданындағы Қызылорда облысы ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстар қызметі» ММ-нің  құрамында 15 адам 2 бірлік техникасымен қатысты.

Жаттығудың мақсаты – «Аралтұз» АҚ-ның авариялық  қызметтерімен ҚР ІІМ ТЖК-нің аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет арасындағы өзара   бірлесе жұмыстар ұйымдастыру мүмкіндіктерін пысықтау.

Оқу-жаттығуда осындай өртті жою кезіндегі техника қауіпсіздігін қолдануға  тартылатын күштер мен құралдардың, басқару штабының жұмысын ұйымдастыруға, шартты ТЖ жоюға қатысушылар арасындағы орындау мәселелеріне және зардап шеккендерді қауіпсіз аумаққа көшіріп, медициналық көмек көрсетуге баса назар аударылды.

Оқу-жаттығуға барлығы 67 адам 3 бірлік өрт және арнайы техника қатыстырылды.

 Жаттығудан кейін талдау жұмыстары өткізіліп, барша қатысушылардың жұмыстарына  объективті баға берілді.

 Қызылорда облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының өрт сөндіру және өрттің алдын-алу тобының бас маманы Б.Қосмұратов жаттығу аяқталған соң «Өртке қарсы қызметке 100-жыл»  төс белгісімен «Аралтұз» АҚ-ның президенті А.Таусаровты және қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметінің инженері Т.Датиевті марапаттады.

Қызылорда облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<