Биыл мектеп аумағын топан су басуынан жұмысын уақытша тоқтатқан Қазалы ауданындағы Аранды ауылдық округіндегі №97 орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне қайта берілді.
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 2018 жылдың 28 тамыздағы №611 бұйрығы бойынша «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының талаптарына сай, өндірістік бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілді» деген оң қорытындысын алды.
Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания – «Строй-Модул-Сервис» ЖШС мекемесі. Құрылыс компаниясы мектепті заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізді. Атап айтсақ, ғимаратты екі жерден швеллермен құрсаулап, ғимаратты нығайту жұмыстары атқарылған.
Сонымен қатар, ғимараттың екінші қабатының жарылған қабырғалары мен едені сырланды, бірінші қабаттың қабырғалары сыланды.
Алдағы уақытта ауа-райының қарлы-жауынды маусымында су алу қаупін болдырмау мақсатында ағын су жолдарына суағар және қорғаныш бөгеттерін жасау, мектеп ауласындағы бүлінген жолдар мен кәріз су жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын да құрылыс мекемесі сапалы түрде атқарды.
Уәде етілгендей жөндеу жұмыстары 27 тамыз күні аяқталып, 1 қыркүйек күні білім ордасы өз шәкірттерін қабылдауға сақадай-сай.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<