Кеше Жосалы кентінің орталық алаңында Тұрмағамбет, Ақжар, Ақтөбе ауылдық округтерінің мәдениеті мен өнері күніне орай «Ән-жырым саған, Туған ел» атты меркелік концерті өтті.
Қызылорда қаласының 200 жылдығына және Қармақшы ауданының 90 жылдығына арналып ұйымдастырылған концертте ауылдық округтердің көркем өнерпаздары Қармақшы ауданының тарихы жайлы сахналық көріністер қойып, ән-жырдан шашу шашып, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<