Қармақшыда спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

281

0

Қармақшыда спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ә.Қошалақов спорт күні кәсіби мерекесіне орай спорт саласының ардагерлері мен бапкерлерін және ауданымыздың әлемдік додаларда мәртебесін көтеріп жүрген спортшыларымызды қабылдап, құттықтауын жеткізді.
Сонымен бірге бұқаралық спорттық дамуына ықпалын тигізіп әлемдік додаларда топ жарған ауданымыздың ардагер спортшысы Серік Құлмырзаевқа мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгісін табыстады. Қармақшыда спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді 
Шара барысында ардагер спортшылар тілектестіктерін білдіріп, «Алтын күз» спартакиадасында топ жарған командалар мен әлемдік додаларда ауданымыздың мақтанышына айналған спортшыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<