Әскерде қылмысқа орын жоқ

597

0

Әскерде қылмысқа орын жоқ ҚР Бас әскери прокуратурасының дәстүрлі түрде бекітілетін жоспарына сәйкес  «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу профилактикасы бағытында Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы әскери бөлімдер мен мекемелерде жұмыс сапарымен аралауда.

Шараның мақсаты әскери қызметте және қызметтен тыс уақытта қылмыстық құқық бұзушылыққа итермелейтін себеп салдарды жеткізіп, ешқандай қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеу болып табылады.

Сонымен қатар,  әскери қызметін өту тәртібі мен жол жүру ережелері, құмар ойындар, тұрғын үй, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жоғалту мен ұрлау мәселелері, қаржы қызметінің әскери қызметкерлерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін аудару тәртібін немесе өзге де сұрақтар бойынша қадағалау жұмыстары жүргізіліп, әскери қызметшілерді заңдық тұрғыда толғандырып жүрген сауалдарына мардымды жауап беру. 

Қазіргі таңда қоғам арасында үлкен індет болып табылатын құмар ойындар.  Құмар ойын ойнау алдымен,  адамның өзіне отбасына шексіз  зардабын тигізері белгілі.

Сондықтан әскери қызметшілер аталған құқықбұзушылық салдарына тап болмау үшін біздер тарапынан алдын-алу шаралары белсенді түрде ұйымдастырылады.

Құқықбұзушылық немесе заңға қайшы келетін іс-әрекеттер туындаған  жағдайда, Қызылорда қаласы әскери прокуратурасына хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз Қызылорда қаласы Нұрмақов №2 А, сенім телефондары  8-7242-27-77-37,   8-705-433-94-99 шүғыл кезекші тәулік бойы байланыста. 

 

Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<