Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің отырысы өтті

327

0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуы бойынша сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Қызылорда облысы бойынша Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе тыңдалды. Атап айтқанда, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне және Қызылорда қаласы әкімдігінің тұрғын үй саласы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдау қорытындысымен берілген ұсынымдардың орындалуын барысы тыңдалды.
Отырысты Арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары Майра Боранбаева ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы болып облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің және қалалық тұрғын үй саласы қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында анықталған кемшіліктерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов тоқталып өтті.
Сыртқы талдау нәтижесімен берілген ұсыныстардың орындалуына қатысты Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков пен Қызылорда қаласы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және үй инспекциясы бөлімінің басшысы Марат Жаркеткенов хабарлама жасады.
Арнайы мониторингтік топ мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, өз сауалдарын қойды. Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты шаралар қабылдауға ұсыныстар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<