Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қонысбай Әбіл, Майра Мұхаметқызы. Диктант жазу басталды

495

0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика бойынша алғаш рет латын графикасы негізіндегі «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» басталды.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

«Диктантты өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиториаларда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарының арнайы ақпараттары негізінде жазуға болады. Акцияның ұзақтығы 30 минут» – дейді ұйымдастырушылар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында басталған диктант жазуға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұқамедиұлы, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, қазақстандық әртістер Майра Мұхамедқызы Роза Мұқанова, Қонысбай Әбілов т.б. елімізге танымал тұлғалар қатысып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<