АҚШ ДСҰ құрамынан шығуы мүмкін – Трамп

279

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік сауда ұйымы жақсы жағына қарай өзгермесе мемлекеттің ұйым құрамынан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости. 
«Егер олар өз жұмысын жақсартпаса, мен ДСҰ құрамынан шығамын», – деді Трамп Блумберг агенттігіне берген сұхбатында. Оның сөзі бойынша, ДСҰ АҚШ-пен ұзақ жылдар бой «нашар» қарым-қатынаста және ұйымға «өзгеру» қажет. Бұған дейін Трамп шеттен келетін темір мен алюминиге салық енгізген еді, ол елдердің ішінде Қытай, Еуразиялық Одақ құрамындағы бірнеше мемлекет және Ресей бар. Кейбір мемлекеттер оған жауап қайтарып та үлгерді. Мысалы, Қытай америкалық ауыл шаруашылық тауарларына баж салығын енгізді, әсіресе сайлау кезінде Трампқа дауыс берген штаттарға.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<