Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбек бұрынғы әйелімен көзге түсті

376

0

Фото: ашық дереккөз

Атышулы Баян Мақсатқызының «Qween» шоуында Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбек бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайымға бір шоқ гүл сыйлап, елді таң қалдырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көпшілік оларды қайта қосылған деп болжады. Бұл туралы Жарқынай Ханайымның өзі де желідегі парақшасында жариялады.

Ол онда: «Сіздерге ең ұнаған сәт» деген қысқа ғана жазба қалдырған. Десе де, көпшілік оларды қайта табысты деп топшылаған.

Олар: «Қызының анасын құрметтейтінінің белгісі», «Халқым осы Оразада Айдар мен Жарқынай қайта қосылып кетсін деп тілейік», «Баянның киносы ажыратты, енді мюзиклы қоссын» деп жазды.

Сонымен қатар, Жарқынай Ханайымның өзі де оқырмандардың: «Құлағыңызға не деді?» деген сауалына «Тек қана сені сүйемін деді» деген жауап қалдырған.

Айта кетейік, жұлдызды жұп бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен еді. Қазір олардың ортақ қыздары бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<