АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

325

0

Бүгін облыстық БЖЗҚ филиалында ашық есік күні өтті. Оған қаламыздағы салымшылар мен алушылар және қала тұрғындары қатысты. Бұл күні барлық қазақстандықтар БЖЗҚ филиалдарына келіп, республикамыздың зейнетақы жүйесіне қатысты сауалдарына жауап ала алады.  Шарада қор туралы нақты цифрлы мәліметтер мен түсіндірме жұмыстары таныстырылды.

Құрылғанына 20 жыл толып отқан қордың республика бойынша 10 млн-нан астам салымшысы бар.  БЖЗҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Алмас Сарсенбаев аймақтағы бойынша 9 бөлімшенің жұмысымен және қорға тіркелудің 5 тәсілімен, оның ішінде “Қазпочта” АҚ қызметі арқылы кеңірек ақпарат алып, төлемдер жасауға болатынын атап өтті. Шара барысында МӘСҚ мен МӘМС қорынан арнайы келген мамандар жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі таңда Қазақстан зейнетақы жарналарының 3 түрі бар. Міндетті зейнетақы жарналары, азаматтардың міндетті кәсіби зейнетақы жарналары жұмыс берушілер тарапынан зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің есебінен аударылса, үшінші ерікті зейнетақы түрі өзінің зейнет жасын жоспарлап, қарттық шақтағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға арналған.

– Салымшылар  өздерінің жеке жинақ шоттары туралы біліп отыруы маңызды. Бүгінде БЖЗҚ салымшылары мен алушылары қор кеңселеріне немесе пошта қызметін пайдаланбай-ақ,  www.enpf.kz сайты арқылы жеке кабинет ашып, өз шотына бақылау жасай алады немесе Қор “Цифрлық Қазақстан” ұлттық бағдарламасы аясында Android, iOS және Windows Phone операциялық жүйелеріне арналған ENPF мобильді қосымшасын жасап шығарды,– деді А.Сарсенбаев

2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ операцияларының 52 пайызы электрондық әдіспен жүзеге асқан. Қордың корпоративті стратегиясына сай бұл көрсеткішті 2021 жылы 60 пайызға жеткізу көзделуде.

Рәпіш ТӨЛЕП, 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың 

2-курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<