Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді

509

0

Астанадағы пәтерлердің бірінде шыққан өртте адамдарды құтқарып, өзі қаза тапқан өртсөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына білім гранты берілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері өртсөндірушінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Ол өрт кезіндегі іс-әрекетімен ел алдындағы азаматтық борышына адалдық пен ерліктің нағыз үлгісін көрсетті.

Жоғары оқу орындарының ректорларына өртсөндірушінің отбасына грант бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды, екі жоғары оқу орны марқұм Асқар Забикулиннің балалары мен жесірі үшін білім гранттарын бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Солардың бірі – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті. Университет Асқар Забикулиннің балаларына оқуды аяқтаған соң кез келген бакалавриат мамандығына грант бөлуге уәде берді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<