Арал ауданы Тоқабай ауылында Қуаныш Бердімағанбетовты еске алу шарасында ұлттық ат спорты түрлерінен құнан, тоқ және аламан бәйгелері өткізілді.Алдымен 12 шақырымдық құнан бәйгеде Шиелі ауданы Бала би ауылының «Нар қызыл» есімді күрең аты өзгелерді шаң қаптырып, бас бәйгені жеңіп алды.
Тоқ бәйгеде 18 шақырымды Арал ауданы Жақсықылыш кентінің «Баққұс аты» есімді торы аты басқалардан бұрын бағындырып, топ жарды.






