Қатты дауыл шатырды ұшырып әкетті

294

0

Қатты дауыл шатырды ұшырып әкетті Бүгінгі дүлей дауыл Абай даңғылы №31 «А» мекен-жайында орналасқан «Болашақ» университетінің шатырын ұшырып әкетті. Әлеуметтік желі қолданушылары ауа-райының қолайсыздығынан орын алған оқиғаны жаппай таратуда. 
Мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.

«Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына облыстағы төтенше жағдайлар департаментінен 12 адам, 2 техника, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан 1 техника, 3 адам шықты», – деп хабарлады облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.

Таңертеңнен бері алай-дүлей соққан жел әлі де басылар емес. Бұған дейін синоптиктер облыс бойынша желдің ұйытқу қатері 15-30 м/s жететінін хабарлаған еді.
«СБ» ақпарат