Атырауға көмек апармақ болған: Түркістан облысында жеті баланың әкесі қаза тапты

150

0

Фото: ашық дереккөз

13 сәуірде Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек беруге аттанғалы жатқан Қайырбек Қоспанов есімді Түркістан облысының тұрғыны қайтыс болды. Оның артында әйелі мен жеті баласы қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол Howo жүк көлігін вагонға артып жатқанда, оқыстан көлік доңғалағы вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойған. Марқұмның жасы 37-де еді. Оның артында әйелі мен 7 баласы қалды.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың мәлімдеуінше, айырбек Қоспанов Атырау өлкесінің суға кетіп жатқанын көріп, үйінде қол қусырып отыра алмаған.

“Өз үлесін қосу үшін астындағы фирмадан мініп жүрген “Хово” көлігіне шопыр болып аттануға бел буады. Түсте бүкіл ауыл қуана шығарып салған Қайырбектің денесін кешке ел-жұрт ой бауырымдап қарсы алады. Жүк көлігін темір жол составына тиегені сол еді, дөңгелегі рельстен тайып кетіп, Қайырбек өз көлігінің астында жаншылып қалды. Артында шиеттей 7 баласы мен жары қалды. Онсыз да бұл отбасының қайғысы аз емес еді, ай бұрын 8-ші нәрестесі шетінеді. Баласын жоқтап отырған ананы отағасының қазасы тіптен ойсыратып кетті”, – деп жазады журналист.

Оның сөзінше, марқұмның отбасы жалдамалы пәтерде тұрған және қолында мүгедек інісі бар, баланың кенжесі 1 жастан енді асқан.

Журналист марқұмның отбасына қол ұшын созам деушілерге реквизиттерді тіркеп қойған.

KASPI GOLD

8 (747)815 3918

4400 4302 0613 6878

Бекзада.С

Halyk Bank

4405 6397 7566 4855

8747 815 39 18

Бекзада.С

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<