Ауа райына байланысты Астана мен 6 облыста жол жабылды

74

0

Қазақстанда Астанадан бөлек, 6 облыста жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазақавтожол» РМК сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, қатты аяздан Ақмола облысы, Қостанай облысы, СҚО және Павлодар облысында барлық бағыт бойынша жол жабылды.

Сондай-ақ, Астанада да ауа райының күрт нашарлауына (желдің күшеюі, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты барлық көлік құралдары үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылды.

ШҚО ауа температурасының -35 градусқа төмендеуіне байланысты, Павлодар облысында сағат 19:00 бастап «Омбы-Майқапшағай» автожолының   (587-634 шақырым Павлодар облысы- Семей қаласы) дизельді және қоғамдық көліктерге арналған бөлігі жабылды.

Қарағанды облысында боран мен көру мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Яғни Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау автожолы (Ақмола облысының 51-102 шақырым аумағы мен Нұра ауылына дейін), «Жезқазған- Петропавл» автожолы (Жезді ауылынан Қостанай облысына дейін 65-252 шақырым). Жүк тасымалдау және қоғамдық көліктер үшін «Қызылорда -Павлодар» автожолы Жезқазғаннан Топар ауылына дейін 424-906 шақырым) және «Екатеринбург-Алматы» автожолы (Қарағанды қаласынан Балқашқа дейін 1492-1858 шақырым).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз