
Барлығы 350 мың адам. Оған барлау қызметін, шекарашыларды, аздаған гвардияшыларды қоссаңыз, мемлекеттің қарулы күштерінің саны оншалықты көп еместігін аңғаруға болады.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Ауғанстанды сыртқы жаулардан қорғау үшін бұл күш мүлдем аздық етеді. Егер сырттан көмек болмаса, бүгінгі ауған билігі өз орындарын әрі кеткенде бір жыл ғана сақтап қала алады.
Қазір Ауғанстанда тәліптер мен Ислам мемлекеті топтарының өзара қақтығыстары жалғасып келеді. Осы соғыс салдарынан үкімет әскери құрылымдары орта есеппен айына 1000 адамынан айырылып отыр.