«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

259

0

 Ағымдағы жылдың қараша айының 14-16 күндері аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуі жоспарлануда.

Іс-шара барысында жергілікті полиция қызметі басқармасы мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау инспекциясы органдарымен бірлесіп, облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті  сақтау мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтау, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн яғни ксенон немесе лед жарық шамдары орнатылған көлiк құралдарын анықтайтын болады.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<