ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҚАПЕРГЕ САЛДЫ

195

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Әлімжан Марданов пен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов брифинг өткізіп, онда облыс аумағында православ христиандарының «Крещение Господне» рәсімі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жайлы айтылды.
Қызылорда қаласындағы шіркеу аумағында және ІІІ ірілендірілген квартал маңында сондай-ақ, Арал ауданындағы Қамыстыбас көлінде арнайы орындар белгіленіп, су алушылар мен суға түсушілерге арнайы басқыштар дайындалған. Сонымен қатар, аталған рәсім өтетін 18-19 қаңтар күндері ҚР ІІМ «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары дайындық тәртібіне келтіріліп, «Апаттар медицина орталығы» облыстық филиалы және қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлық құрамы бірлесіп, кезекшілік атқарады.
ТЖД мамандары облыс тұрғын­дарына мерекені атап өту барысында барынша сақ болуды ескертеді. Мәселен, құтқару жасағы мен медициналық қызметкерлерсіз шомылуға, ата-анасының немесе ересектердің қарауын­сыз балалардың суға түсуіне, мұзды ойықтың жанында бір мезетте 20-дан астам адамның шоғырлануына тыйым салынған.

Ғ.ӘБІЛДА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<