Ауруханаға Мәжіліс депутаттары келді

253

0

Бүгін Қызылорда қалалық ауруханасына арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Наталья Жұмаділдаева және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов келді.
Мәжіліс депутаттары алдымен аурухана жұмыстарымен, оның ішінде ауруханадағы медициналық аппараттар жұмысымен танысып, одан әрі бөлімдерді аралады.
Танысу жұмыстары одан мәжіліс залында жалғасты. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын баяндаған депутаттарға ақ халаттылар жылы лебізі мен пікірлерін білдіріп өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<