Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының қолдауымен, индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында да ауқымды жобалар қолға алынуда. Бұл туралы қала әкімі Н.Нәлібаев бүгінгі жартыжылдық қорытынды кездесуінде мәлімдеді.
Бүгінгі күні, қаламызда индустрияландыру картасына енгізілген жалпы құны 51,0 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Ондағы 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 6 жоба өңірлік картада. Жобалар толық іске қосылғанда 1 мың 125 адам жұмыспен қамтылатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<