Автожолдар ақылы болады

325

0

 «Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысына Азия даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі секілді ірі халықаралық қаржы институттары қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысына Азия даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі секілді ірі халықаралық қаржы институттары қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Сондай-ақ, Үкімет саға­тында Жеңіс Қасымбек рес­пу­­бликаның жолдарына ақылы жүйені енгізу және жол-сервистік объектілерді дамыту жөнінде пікір білдірді.

– «Нұрлы жол» инфрақұ­ры­лымын дамыту мем­лекеттік бағдарламасын іске асыру аясында және қаржыны үнем­деу мақсатында ақылы жүйе­ні енгізу жоспарда бар. Қазіргі уақытта «Ал­ма­ты-Қорғас», «Астана-Темір­­тау» және «Алматы-Қап­ша­ғай» автожолдарының учас­келе­рін­де (жалпы ұзын­дығы 471 шақырым) жұмыс жүргізіліп жатыр. Жүйе қыркүйек айында тест ре­жимінде іске қосылады, – дейді Ж.Қасымбек.

Министрдің айтуынша, 2021 жылға дейін 6,7 мың шақы­рым, ал 2025 жылға қа­рай 11,7 мың шақырым жол ақылы болмақ.

– Мемлекеттік маңызы бар автожолдарда арнайы авто­мат­тандырылған өлшеу құрал­дарын ұйымдастыру бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір мұндай 12 құрал бар. Биыл «Астана-Теміртау», «Ал­маты-Қапшағай» және «Ал­маты-Қорғас» учаскелерінде ақы­лы жүйені енгізу аясында тағы 11 автоматтандырылған өл­шеу құралдарын іске қосу жоспарланып отыр. 2019-2020 жылдары ақылы жолдар мен шекаралық өткізу пункттері бойынша 34 құрал орнатылады. 2020 жылдың аяғына дейін олардың санын 57-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, – дейді Инвестициялар жә­не даму министрі.

Оның айтуынша, жол-сервистік объектілерін дамы­туға да ерекше көңіл бөлінеді.

Ж.ӘЛМАХАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<