Аудан әкімі ауылдарда болды

254

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Жаңадария, Аламесек және Еңбек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен алдағы жобалар туралы айтты.

Халықпен кездесу Жаңадария ауылынан басталды. Күзгі ырыс-несібесін молайтқан еңбексүйгіш ауыл тұрғындары үшін биылғы жыл жаңалыққа толы болды.

2023 жылы «Самара-Шымкент – Еңбек – Есет батыр – Жаңадария» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 20,3-37,4 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Жоба құны 10,0 млн.теңгені құрайтын балалар ойын алаңы салынды.

Ауыл тұрғындарымен кездесуден соң аудан әкімі жауапты сала басшыларымен бірге ауылдағы балалар ойын алаңы және №203 орта мектебінің жұмысымен танысты.

Жарқын бастамалар легі Есет батыр ауылында да жалғасын тапқан. Биыл ауылда жоба құны 431,0 млн. теңгені құрайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы салынуда, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Есет батыр ауылының тұрғындарының талап-тілегін тыңдағын аудан әкімі, №124 орта мектеп жұмысымен танысып, білім ошағына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер мекемеге кепілдік мерзім аяқталғанша қайта қалпына келтіру жүргізу қажеттігін айтты.

Аудан әкімінің ауылдарға жұмыс сапарында Еңбек ауылының ардагерлері түгел жиналды. Елдегі еңселі істерге тілекші ақсақалдар мен ақжаулықты аналар басшылық құрамға өз ұсыныс-пікірлерін ашық айтты. Ауылдың ішкі көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттар қайта жасалатындығын жеткізді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Еңбек аулыдық округінен демеушілік есебінен салынған балалар ойын алаңымен танысып, ауылға жанашыр азаматтардың жұмысына сәттілік тіледі.

Халықпен кездесулерде аудан әкімімен бірге «Қазақстанның Еңбек Ері», Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденінің иегері Имамзада Шағыртаев, алқа билер кеңесінің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудан әкімінің орынбасарлары және жауапты сала басшылары қатысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<