Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының құрылыс нысанын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Облыс әкімінің қолдауымен «Қазақстан Темір Жолы» АҚ арқылы жүзеге асырылып жатқан вокзал құрылысында қазіргі таңда ішкі әрлеу, шатыр жабу, инженерлік желілер тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Нысанды аралау барысында аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын арттыру, сапа талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ вокзал маңын көркейту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






