Құрылтай

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады

3

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудандағы сайлау учаскелерін аралап, олардың дайындығымен танысты.

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды саяси науқан. Аудан бойынша сайлауды өткізуге дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Ауданда барлығы 23 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Оның 12-сі мектептерде, 9-ы мәдениет үйлерінде орналасқан. Бұдан бөлек, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы мен аудандық ауруханада 2 жабық сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Аудан әкімі жауапты саяси науқанның маңызын атап өтіп, сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығын, санитарлық тазалығын, дауыс берушілерге қолайлы жағдайдың жасалуын және қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі