Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлері және тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентін аралап, аудан орталығының санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарының жай-күйін бақылады.
Кент аумағын аралау барысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үйлестіруді тапсырды.
Сонымен қатар аудан басшысы кент аумағындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерді аралап, олардың аумақтарының санитарлық тазалығы мен абаттандырылу деңгейін көрді. Мекеме басшыларына ғимараттар мен оған іргелес аумақтардың әрдайым таза әрі көрікті болуын қамтамасыз ету, келуші тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Аралау барысында аудан әкімі бірқатар тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесіп, өз аулалары мен оған іргелес аумақтарды таза ұстау, ретсіз өскен шөптерді дер кезінде шабу, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау, тозығы жеткен нысандарды қалпына келтіру, абаттандыру қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын атап өтіп, туған жердің көркін сақтауға үлес қосуға шақырды. Заң талаптарын бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау міндеттелді.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы бекітіліп, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтау әрбір азаматтың заңмен белгіленген міндеті ретінде айқындалды.
Осыған байланысты Шиелі кенті әкімі аппаратының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, кент аумағында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде. Рейд барысында тұрғын үйлердің аулалары мен оған іргелес аумақтарды талапқа сай күтпеген тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, тиісті ескертулер берілуде.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі






