Аудан әкімі спорт саңлақтарымен кездесті

238

0

Фото: Арал ауданы

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аралас жекпе-жектен «Алаш Прайд» халықаралық турнирінің төрт дүркін жеңімпазы, С. Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубының негізін қалаушы Нұрсұлтан Орынбасаров пен қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, кәсіпқой ММА жауынгері Сара Рахмонованы қабылдады.

Аудан басшысы бабаларының кіндік қаны тамған атамекенге ат басын бұрған спортшылар қадамының оң болуын тілеп, алдағы уақытта да биік тұғырдан көрініп, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде спортшылар атамекен Арал өңіріне келгеніне қуанышты екенін жеткізіп, аудан халқының қонақжайлылығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, айдынды өлкенің бұқаралық спортын дамытуға барынша қолдауларын көрсететінін айтты.

Кездесуде аудан басшысы қонақтарға Аралдың абызы Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясын, сондай-ақ өлкенің тарихы мен даму барысын сипаттайтын арнайы жинақтарды табыстады.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<