Аудан әкімі спорт шеберін құттықтады

465

0

Фото: Сырдария ауданы

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және спорт саласының ардагерлерімен бірге аудандық спорт клубына барып, жас тоғызқұмалақшылармен кездесті. Кездесуде аудан басшысы кеше ғана Алматыда өткен тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында бірінші орын иеленген Бексұлтан Бостандықовты жетістігімен құттықтады.

– Бексұлтан Еуропа, Азия чемпионы болып, еліміздің мерейін асқақтатты. Ұлттық спортымыздың дамуына үлес қосып, көптеген жетістіктерге жетіп келе жатыр. Жылдың басын үлкен жеңіспен бастап, ҚР чемпионы атанды. Осы жетістігімен биылғы Түркия мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Көптеген шәкірт тәрбиелеп жүрген халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне Әлем біріншілігін бағындыруға тілектестігімді білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан әкімі ҚР Чемпионына «Алғыс хат» табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.

Мұнан соң Б.Бостандықов тоғызқұмалақ спортымен шұғылданушы жас спортшылардың жетістіктерімен таныстырды. Аудан басшысы ҚР жасөспірімдер арасындағы командалық чемпионатының жеңімпазы Тоқшылық Әнелмен тоғызқұмалақ ойынын ойнап, биіктерді бағындыруына тілектестігін білдірді. Жас спортшыға тоғызқұмалақты сыйға берді.

Бүгінде ауданда 150-ге жуық спортшы тоғызқұмалақ ойынымен шұғылданады. Олар түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жетістіктерге жетуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<