Аудан әкімі үш ауылдың халқымен кездесті

281

0

Фото: Қазалы ауданы

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Майдакөл, Ақжона және Алға ауылдық окургтеріне барып, елді мекендердің тыныс тіршілігімен танысты.

Аудан басшысы алдымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қатар жатқан үш ауылдыңда тұрғындары өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтпас бұрын, ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығына ризашылықтарын жеткізіп, аудан басшысы мен барша ел азаматтарының жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында Мейрамбек Зинабдинұлы ауданда аймақ басшысының тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан бірқатар жобалар жайында сөз қозғап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Аудан әкімі тұрғындармен кездесуден соң ауылдық округтерде орналасқан мектеп, балабақша, әкімдік ғимараты, дәрігерлік амбулатория, спорт кешені сынды барлық әлеуметтік нысандарға барып, олардың бүгінгі жай-күйіне қанық болды.

Әлеуметтік нысандарды аралау барысында білім ошақтарындағы асханаларыныңда жайын көріп, мектеп директорларына асханалардағы санитарлық тазалық мәселесіне аса мән беру керектігін ескертті

Ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына тазалық ортақ абырой екенін жеткізіп, тұрғындармен бірлесе отыра, әрбір көше мен мекемелердің аулаларына көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қазалы ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<