Құрылтай

Аудан орталығындағы ағайынды Талқанбаевтар көшесі асфальтталуда

5

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Соңғы жылдары Қазалы ауданында аймақты төрт жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Нәлібаевтың, облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асуда.

Мәселен, биылдың өзінде аудан орталығындағы В.Счастнов орамы, Жанқожа 3 км, Төремұрат жырау орамы, Ы.Жақаев және Ш.Қалдаяқов сынды көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, С.Сейфуллин және Біржан сал көшелерінің асфальт қабатының тозған бөліктерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек аудан орталығындағы «Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту» жобасы мен Ағайынды Талқанбаевтар көшесін асфальттау, Т.Бөріқұлақов пен Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары қолға алынған болатын.

Қазіргі таңда Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту жұмыстарының бір бөлігі аяқталып, Ағайынды Талқанбаевтар көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары басталуда.

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Ағайынды Талқанбаевтар көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын көріп, жұмыс сапасын бақылады.

Жол жөндеу жұмыстарын «Қазалы Жолшы» ЖШС жүзеге асыруда. Жолдың жалпы ұзындығы 1,136 шақырымды құраса, жобаға сәйкес жолға 20 см қиыршық тас негізі, 8 см ірі түйіршікті және 7 см ұсақ түйіршікті асфальт-бетон қабаттары төселеді.

Аудан басшысы мердігер мекеменің басшысына жұмыстың сапасына ерекше мән беріп, белгіленген жұмыстарды мерзімінде аяқтау керектігін ескертті.

Қармақшы ауданы әкімдігі